Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов жастармен кездесті. Оған жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, жас кәсіпкерлер, спорт және мәдениет саласының белсенді жастары, еріктілер қатысты. Түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жүздесу «Батыс хабта» өткендіктен ІТ саланы дамыту, start-up жобаларды іске асыру турасында да әңгіме өрбіді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо