Оралдағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қамқорлықтағы азаматтармен жұмыс істейтін психологтарға арналған облыстық семинар өтті. Психоневрологиялық аурулары бар жандарға көмек көрсету мен оларды оңалтудың тиімді әдісі ретінде арт-терапия әдісі таңдалып алынды. Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, қолдаудың заманауи тәсілдерін талқылау үшін бас қосты.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо