Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастамашы болған «Қаладан – ауылға» өңірлік жобасына 218 отбасы қатысып, игілігін көріп отыр. Бірегей бағдарлама шекара шебіндегі елді мекендердің де тыныс-тірлігіне тың серпін берді. Еңбекке ебі барлар жаңа қоныста да қол қусырып отырмай, қайтарымсыз қаржы алып, шағын кәсіп ашты. Мәселен, Қазталов ауданындағы Көпкүтір ауылына көшіп барған отбасылардың бірі тұтынушыларға тез дайындалатын тағам түрлерін ұсынса, енді бірі жылыжай ісін жолға қойды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо