Тұтынушылардың құқықтарын қорғау азаматтық-құқықтық қатынастардағы маңызды сала болып табылады. Биылдың өзінде тауар мен қызмет сапасына шағымданған өңір тұрғындарына 14 млн теңгеге жуық қаржы кері қайтарылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо