Әз-Наурыз қарсаңындағы қоныстой. «Ақжайық» шағынауданында 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 43-і әлеуметтік осал топтарға арналған. Осылайша жылдар бойы баспана кезегінде тұрған отбасылар қуанышқа кенелді. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жаңа пәтер иелерін мерекемен құттықтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо