Осы аптада облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов бастаған батысқазақстандық делегация Ресей Федерациясының Орынбор облысында іссапармен болды. БҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос тарап көктемгі су тасқыны туралы болжамдар мен су жіберу кезеңіндегі өзара іс-қимылды үйлестіруге бағытталған жұмыс кездесуін өткізді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо