Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» өңірлік жобасы аясында Сырым ауданына 23 отбасы көшіп барды. Олар тұрғын үймен, жұмыспен қамтылды. Жаңа ортада елді мекеннің өміріне етене араласып, жасампаз істерімен танылғандар да жоқ емес. Мәселен, Жырақұдыққа қоныс аударған бапкер Бекболат Файзуллин балаларды ұлттық спортқа баулып жүр. Осылайша бірегей бағдарлама ауыл халқын тұрақтандыруға да, тыныс-тірлігін түлетуге де тың серпін берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо