Орал қаласында өрт оқиғаларының саны артып отыр. Осы аптада шаһар аумағында бірнеше нысанды қызыл жалын шарпыды. Желтоқсан көшесінде орналасқан дәмханалардың бірі санаулы сәтте тілсіз жаудың құрсауында қалды. Сонымен қатар жеке тұрғын үйлер мен қосалқы құрылыстардағы өрттер де азаяр емес. Орын алған оқиғалар кезіне адам шығыны, зардап шеккендер тіркелген жоқ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо