Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға таяды. Азаматтар былтырғы жылға есептелген міндетті төлемді 1 сәуірге дейін өтеуі тиіс. Ал берешек уақытында төленбесе, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Қазір салық органдары көлік иелеріне мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жолдап жатыр. Сондықтан салық басқармасына бармай-ақ бірнеше минутта онлайн төлем жасауға мүмкіндік бар. Дегенмен Орал қаласының көлік жүргізушілері мекемеге арнайы барып, мамандардан сұрақтарына жауап алуда.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо