«Таза болса табиғат – аман болар адамзат». Оралда экологиялық мәдениетті арттыру мәселелері сөз болған келелі жиын өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау – тек мамандардың емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Бүгінде жастар бұл бағытта белсенділік танытып келеді. Олар түрлі акцияларға қатысып, өздері де жаңа бастамалар көтеруде. «Осындай кездесулер кейінгі буынның ел болашағына бейжай қарамайтын азамат болып қалыптасуына жол ашады»-, дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо