Қазақстанда соңғы екі жылда адвокатура жүйесінде ауқымды реформа жүзеге асырылып жатыр. Жаңашылдықтың бірі – адвокаттар мәртебесінің Конституция деңгейінде бекітілуі. Бұл қорғаушылардың тәуелсіздігін арттыра түсті. Енді азаматтардың құқықтарын қорғау бұрынғыдан да әділ әрі ашық болады деп күтілуде. Сонымен қатар, сот процесіндегі адвокаттардың рөлі күшеймек. Жалпы алғанда, реформа құқықтық жүйеге деген сенімді арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, жаңа мамандар үшін бұл салада қызмет бастау тетіктері жеңілдетілген. Бұрынғы күрделі рәсімдердің орнына енді компьютерлік тестілеу енгізілген.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо