«Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты мазмұнды мерекелік іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген кеште өнер мен сән үйлесім тапты. Өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының ұжымдары қазақтың салт-дәстүрлерін сахналады. Сондай-ақ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалында осынау атаулы күн «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты іс-шарамен айшықталды. Бұл күні жолшы мамандар түгелдей ұлттық киім киіп, мереке сәнін кіргізді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо