Спорт – адамды шынықтырып қана қоймай, оның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жаңа мүмкіндікке жол ашады. Әсіресе, қиын жағдайға тап болған жандар үшін бұл – өмірді қайта бастауға берілген үлкен мүмкіндік. Орал қаласының Жастармен жұмыс жөніндегі ақпараттық-талдау және ресурстық орталығы пробация қызметімен бірлесіп, «Наурызнама» апталығы аясында арнайы іс-шара ұйымдастырды. «Ұлттық спорт күні» қарсаңында өткен бұл шара қоғамнан оқшауланбай, жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарды қолдауға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынап, салауатты өмір салтының маңызын тереңірек түсінді. Мұндай бастамалар олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етіп, сенім мен жігер сыйлайды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо