24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай Орал қаласында ақ желеңділердің қатысуымен конференция ұйымдастырылды. Іс-шарада мамандар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды талқылап, аурудың алдын алу мен ерте анықтаудың маңызын атап өтті. Жиынға денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының өкілдері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо