«Наурызнама» онкүндігі аясында өңір жұрты 18 наурыз – «Ұлттық киім күнін» кең көлемде атап өтті. Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде өткен «Ұлт рухы: Тарих пен өрнек» атты мәдени шара соның бірі. Қалың көрерменге қазақ тарихынан сыр шерткен бірнеше хореографиялық композиция мен Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары дизайнерлерінің этностильдегі сән топтамасы ұсынылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо