Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХIII сессиясы өтті. Күн тәртібінде «БҚО бойынша толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт объектілерінің тізбесін бекіту туралы» мәслихат шешіміне толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Сондай-ақ «Ақжайық» және «Жұлдыз» шағынаудандарында жолдар мен әлеуметтік нысандар салу, сумен жабдықтау және су бұру шығыстары жобасы да талқыланды. Сессия жұмысына мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Ербол Салықов төрағалық етті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо