Биыл – қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның Халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл. Осыған орай Оралда «Күй анасы – Дина» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. «Домбыра – ұлттық рух» музейіндегі кеш барысында көрермен ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлермен танысып, рухани мұраға айналған күйлерді жергілікті домбырашылардың орындауында тыңдады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо