Орал қаласында әйелдерге арналған ерекше форматтағы екі күндік семинар-тренинг өтуде. «Әйел аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара «Қазіргі заман әйелдерінің мәселелері және оларды инновациялық тәсілдермен шешу жолдары» тақырыбына арналды. Семинарға Астана қаласынан арнайы шақырылған сарапшы Гүлзи Нәби қатысып, 50-ге жуық нәзік жандыға тәжірибелік дебаттар өткізіп, заманауи форматтағы психологиялық әдістер арқылы кеңес берді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо