«My Fest» фестивалінің ұйымдастырушысы тұрғындарға 1,5 млн теңге берешек болып қалды. Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында облыс орталығында Еуропа, Қазақстан және ТМД елдерінің танымал өнер жұлдыздарының концерті өтуі тиіс еді. Думанды шара үш күнге жалғасады деген жарнамасы да жер жарғаны мәлім. Өкінішке орай, бастапқы өткізу орнының басқа мекенжайға ауысуы бірқатар көрерменнің көңілінен шықпады. Олар тұтынушы құқығын қорғау және билет құнын қайтару туралы құзырлы құрылымға шағым түсірді. Алданған азаматтардың шағымы сот арқылы қанағаттандырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо