Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында іске асатын кең көлемді жұмыстарды атап өтті. Сандық жүйе дендеп еніп отырған саланың бірі – құрылыс. Мәселен, биылғы шілдеде жаңартылған Құрылыс Кодексі күшіне енеді. Өзгерістер елдегі жетекші салалардың бірін цифрландыруға бағытталған. Аталған заң жобасының негізгі тармақтары облыстық кәсіпкерлік палатасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо