Ұзындығы 330 шақырым болатын «Орал-Атырау» теміржолы салынбақ. Бұл туралы БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Күн тәртібінде қаралған басты мәселелер – қоғамдық кеңес тарапынан жүзеге асқан жұмыстар, V Ұлттық құрылтайда айқындалған мақсат-міндеттер, облыстың соңғы 3 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және атқарылған игі істер. Жиында өңірге инвестиция тарту, инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарына басымдық берілетіні атап өтілді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо