Табиғат-ана ақ ұлпаға оранған сәтте қысқы спорттың көрігі қыза түседі. Орал қаласында шаңғыдан қалалық біріншілік өтті. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған жарысқа әртүрлі жас санатындағы ең мықты шаңғышылар қатысты. Сонымен қатар Қазталов және Бөкей ордасы аудандарында «Ақшақар-2026» атауымен спорттық бағдарлау бойынша жарыстар ұйымдастырылды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо