«Қазақстан әділеттің, заң мен тәртіптің мекені, еңбекқор адамдардың елі болуға тиіс.» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V құрылтайда сөйлеген сөзінде осылай деді. Орал қаласында өткізілген қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлері мен жас мамандарының слетінде бұл тақырып жан-жақты талданып, өткен жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буынның мол тәжірибесін үлгі ету және жас қызметкерлерге кәсіби бағыт-бағдар беру. Сондай-ақ қызметтік сабақтастықты нығайту, өңірде тәлімгерлік институттың маңызын арттыру.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо