Санаулы сәттерден кейін тарих қойнына енгелі тұрған жылан жылы жағымды жаңалықтар мен мерейлі даталарға толы болды. Атап айтсақ, тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Жеңістің 80 жылдығы лайықты аталып өтілді. Биыл сондай-ақ ұлт руханиятының шамшырағы, хакім Абайдың туғанына 180 жыл, даңқты жерлестеріміз, өр рухты ақындар, Қазақстанның халық жазушылары Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 және Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай ел аумағында ауқымды шаралар өтті. Мерейлі даталарға арналған тағылымы мол рухани шаралар облыста да жыл бойы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жылан жылы өңір спортшылары үшін де жеңіске толы болды. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо