Батыс Қазақстан облысында көлік және шекаралық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Жаңа өткізу бекеттері салынуда және қолданыстағылары жаңартылуда, негізгі автожолдар жөнделіп, аудандар мен облыс орталығы арасындағы байланыс күшейтілуде. Бұл жобалар азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырып, жүк тасымалын жеделдетуге және өңірдің транзиттік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Биыл сондай-ақ ауқымды жол айрығы қолданысқа берілді. Мұндай жоба өңірде алғаш рет жүзеге асырылып отыр және ол заманауи әрі сапалы логистикалық инфрақұрылым қалыптастыруға сеп болмақ.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо