Батыс Қазақстан облысы үшін 2025 жыл маңызды өзгерістер мен нақты нәтижелерге толы кезең болды. Өңірде мұнай-газ саласы, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, білім беру және халықаралық әріптестік қарқынды дамыды. Инвестиция тарту бойынша облыс Астана мен Алматыдан кейін үшінші орынға жайғасты. Жыл ішінде өңірге 567 миллиард теңге инвестиция тартылса, оның 80 пайыздан астамы жеке қаржы. Осы жетістіктердің заңды жалғасы ретінде жыл соңында облыста Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың XXI форумы өтті. 



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо