Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік саласына айрықша назар аударып отырғаны белгілі. «Соңғы жылдары әлеуметтік саладағы инфрақұрылымды дамыту үшін біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік сала мамандарының, әсіресе, педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет» деді Президент. Облыста Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо