«Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны жарыққа шыққанына 95 және Жымпитыдағы баспа ісіне 105 жыл толды. Аудан айнасының мерейтойы кешенді шаралармен айшықталды. Шақырылған қонақтар алдымен Сырым Датұлы музейінде болып, аудан тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты. Одан соң жылнама парағының дамуына зор үлес қосқан журналист Мүсірбек Айташевтың «Сары қыз» кітабы таныстырылып, «Сырым елі: Жылдар мен жолдар» атты тағылымды кешке ұласты. 


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо