Былтыр облыста «Қаладан – ауылға» бағдарламасы бойынша 104 отбасы ауылдық жерлерге көшіп барған еді. Барлығы 509 адам болса, соның 326-сы балалар. Қаладан қоныс аударғандар арасында сан саланың өкілдері бар. Олардың барлығы тұрақты жұмысқа тұрса, ұл-қыздары балабақша мен мектепке орналастырылды. Биыл да бағдарланың іске асуы ойдағыдай. Жыл басынан 500-ге жуық жан ауылға барып тұрақтаған. Оларға қажетті жағдай жасалып, барлығы баспанамен қамтылып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо