Әлеуметтік қызметкер – қоғам жанашыры. Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі – дәл осы әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай Орал қаласында салтанатты жиын өтті. Бүгінде өңірімізде әлеуметтік салада үш мыңға жуық маман еселі еңбек етуде.