Еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында бөбекжай ашылды. 150 орынға шақталған әлеуметтік нысанда бүлдіршіндердің мектепке дейінгі сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуына толық жағдай жасалған. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев қатысты.