Республика күні қарсаңында Бәйтерек ауданының Достық ауылында жаңа оқу ошағы пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған нысан 1200 орынға лайықталған. Онда жас буынды сапалы біліммен қамтуға қажет барлық жағдай жасалған. Білім ошағының ашылу рәсіміне БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, мектеп ұжымы мен оқушылары, ата-аналар қатысты.   


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо