Қазталов – «Қаладан-ауылға» бағдарламасын жемісті жүзеге асып отырған ауданның бірі. Былтыр 19 отбасы көшіп келсе, биыл тағы 24 жанұя қоныс аударған. Жалпы, соңғы 3 жылда ауданның 31 елдімекенінде 238 тұрғын үй бой көтерген. Биылғы 8 айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21 млрд теңгені құраған, соның ішінде жеке инвестиция – 17 млрд теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте аудан әкімі Асланбек Сарқұлов баяндады.