10 қазанда Қазақстанда Кәсіподақтар күні аталып өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында салтанатты шара өтті. Жиында жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы алтын көпір саналатын ұйым өкілдері мен кәсіподақ саласының ардагерлері құрметке бөленді.