Текті мекен Теректіде ақын, ұстаз Дариға Мұштанованың «Шарайна - дүние» атты кезекті жинағының таныстырылымы өткізілді. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі айтыс ақыны, публицист Дариға Мұштанованың жарыққа шығарылған жаңа дүниесінің таныстырылымына үзеңгілес құрбылары мен жас оқырмандар қатысып, өнерлерін көптің назарына ұсынды. Сала басшылары мен өкілдері де арнайы қатысып, игі тілектерін білдірді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо