Аймагүл Айдынғалиқызы Жампейісова, 1976 жылы 19 ақпанда Теректі ауданының Шөптікөл ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Придорожный орта мектебін тәмамдап, осы мектепте пионер жетекшісі болып жұмыс атқарды. 1998 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетін бітірді. Мамандығы орыс мектебіндегі орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі.
   1998 жылы Теректі ауданының Шөптікөл ауылдық мектебіне орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмысқа тұрды. Бұл қызметті 7 жыл атқарды. 2005 жылы ТДК-42 телеарнасына тілші болып жұмысқа тұрды. 2007 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалының орыс тіліндегі тақырыптық бағдарламалар редакциясына қабылданды. «Из глубины веков», «Прямая речь», «Шаңырақ» бағдарламаларының авторы. 2009 жылы редактор ретінде ақпараттық бағдарламалар бөліміне ауысты.
   2014 жылы «Қазақстан Орал» арнасының 50 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталды. 2015 жылы «Мир права» Бүкілресейлік тілшілер конкурсында арнайы дипломға ие болды.