ТЕМІРЖОЛДА АБАЙ БОЛ, ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТА!
Орал қаласының №45 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге бағытталған маңызды профилактикалық кездесу өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Оқушылармен «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері мен полиция қызметкерлері жүздесіп, теміржол аумағындағы ережелерді түсіндірді. Білім ордасы теміржол вокзалына жақын орналасқан нысандардың бірі. Сондықтан балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо