Негізгі Жаңалықтар ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Өңірде жылыту маусымы басталғалы өрт саны артып, тұрғындардың қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналды. Әсіресе, шалғай ауылдарда төтенше жағдайға дер кезінде әрекет ету маңызды. Осы мақсатта облыс аудандарында өрт сөндіру бекеттері ашылып жатыр. Дегенмен, олардың бірқатары әзірге толық іске қосылмаған. Облыс әкімдігінің аппарат отырысында бұл жұмысты жеделдету, құтқару бекеттерін қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері қаралды. Өңір басшысы жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу