ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстан үшін». Осындай ұранмен Шыңғырлау ауданында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мәселелерін шешу бағытында қоғамдық қабылдау өтті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров, полиция өкілдері, адвокат, нотариус және тиісті сала мамандары қатысты. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі құқық бұзушылықтың алдын алу және қайталама қылмысқа жол бермеу мақсатында профилактикалық рейд ұйымдастырды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо