«ИНВАТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТІЛУДЕ
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы орайда Казталов ауданында «Инватакси» қызметі жолға қойылған. Арнайы көлік мүгедектігі бар азаматтардың медициналық, әлеуметтік және өзге де маңызды нысандарға кедергісіз қатынауына жағдай жасайды. Биыл бұл мақсатқа аудан бюджетінен 12 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо