ЖАЛАҚЫМЕН ЖЕТКЕН ЖАҺАН
Әлемді аралау үшін қалталы болу міндетті емес. Ең бастысы – ниет пен нақты жоспар. Оралдық Елдар Аюпов осылай дейді. Қарапайым жалақысынан тиын-тебен үнемдеп, бүгінде 13 елге саяхаттаған. Бірде көрші елдерге жол тартса, енді бірде алыс құрлықтарға сапар шегеді. Оның бар мақсаты – әлемді тану, түрлі ұлттың мәдениетімен танысу. Қаржының аздығын сылтау етпей, арманын ақиқатқа айналдырған жас саяхатшының оқиғасын «Жұманың жарқын сюжеті» айдарында.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо