АУЫЛ ТЫНЫСЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ
Тұңғыштар мекені – Бөкей ордасында тіршілік тынысы жаңарып, ауылдардың ажары артып келеді. Ауданда жолдар жөнделіп, жаңа үйлер бой көтеруде. Мал шаруашылығы дамып, кәсіпкерлікке бет бұрған тұрғындар қатары көбейген. Әлеуметтік нысандар жаңартылып, білім мен денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. Дегенмен шалғай ауылдардағы инфрақұрылым мен медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо