"ЗАҢ МЕН ТӘРТІП" АДАЛ ҰРПАҚ – ӘДІЛ ҚОҒАМ
Әділ қоғам құру әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Орал қаласында 600-ден астам студенттің басын қосқан тағылымды кездесу өтті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған жиында жастар сыбайлас жемқорлықтың зардабы, заң алдындағы жауапкершілік және парасаттылық қағидалары туралы ой бөлісті. Болашақ мамандарға жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо