ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Құрылтай депутаты Снежанна Имашева мен ҚР Ұлттық экономика, сондай-ақ Энергетика вице-министрлері облысқа жұмыс сапарымен келді. Ресми делегация «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен алға қойылған міндеттер талқыланды. Сонымен қатар Президент тапсырмаларын өңірде жүзеге асыру тетіктері сөз болды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо