ӨНДІРІС ОРНЫ ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ
Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылы маңындағы бірнеше жыл бойы тоқтап тұрған мал бордақылау кешені жұмысын қайта жандандырды. Өндіріс орнына жаңа инвестор келіп, оны жаңғыртуға кіріскен. Мемлекеттік қолдаудың арқасында заманауи технологиялар енгізіліп, өнім өндіру көлемі ұлғайған. Бүгінде мұнда мыңдаған ірі қара бордақыланып, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо