ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ КЕҢСЕ АШЫЛДЫ
Енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін ұзын-сонар кезек күтудің қажеті жоқ. Оралда жасанды интеллект мүмкіндіктері енгізілген жаңа форматтағы цифрлық кеңсе ашылды. Бұл – республика бойынша осындай үлгідегі сегізінші орталық. Мұнда тұрғындар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алып қана қоймай, электрондық сервистерді пайдалануды да үйренеді. Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты. Цифрлық кеңсенің мүмкіндіктерімен тілшіміз танысып қайтты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо