ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Жылыту маусымы басталғалы өңірде 53 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 1 тұрғын жарақат алды. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін аймақта профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Облыс әкімдігі арнайы іс-шаралар жоспарын бекітіп, жауапты мекемелер тұрғын үйлерді аралауға кірісті. Басты мақсат – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, газдан улану, өрттен зардап шегу сынды қайғылы жағдайларға жол бермеу.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо