ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – ЕРКІН ТАҢДАУ МЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Жастардың жарқын болашағы – ең алдымен олардың дұрыс таңдау жасап, өмірлік ұстанымын қалыптастыруына байланысты. Ал нашақорлық – адам денсаулығына ғана емес, оның тағдыры мен қоғамдағы орнына да қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік мәселе. Сондықтан өскелең ұрпақтың санасына салауатты өмір салтының құндылығын сіңіріп, зиянды әдеттердің алдын алу маңызды. Осы мақсатта Қаратөбе ауданында «Есірткісіз өмір – еркін өмір!» тақырыбында танымдық-тәрбиелік шара ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо