Негізгі Жаңалықтар ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕРЕКШЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕРЕКШЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

Республика күні қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ұлттық өнерді ұлықтап, көпшілікке ерекше тарту жасады. Теміржол вокзалында өткен «Ұлт рухы – домбыра үні» атты желілік флешмобқа жүзге жуық жас өнерпаз қатысып, қазақтың күмбірлеген күйін әуелетті. Ұлттық рухты асқақтатып, дәстүр сабақтастығын дәріптеген шара қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу