Негізгі Жаңалықтар ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында халық денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 40-қа жуық дәрігерге табанды еңбегі мен кәсіби адалдығы үшін марапаттар табысталды. «Әр марапаттың артында – жылдар бойғы ізденіс, ұйқысыз түндер мен адам өміріне деген жауапкершілік жатыр», - деп атап өтті жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо

Бөлісу